Мамандар жас отбасыларға кеңес берді
Қыркүйектің 2 жексенбісі елімізде - Отбасы күні. Қоғамда отбасының рөлін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жастарға отбасы берекесі мен бірлігінің маңызын түсіндіретін арнайы дата. Атаулы күнге орай, бүгін шаһарда «Отбасы және отбасылық құндылықтар» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жас отбасылар мен шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген жұптар қатысты. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық отбасын қолдау орталығының мамандары жастарға кеңес берді. Қатарында тәжірибелі психолог, медиатор, отбасылық кеңесшілер бар. Құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект, серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау мәселелерін талқылап, қажетті ақпараттар берді. Отбасы күні елімізде 2013 жылдан бастап ресми түрде бікітілген. Әр адамның алғашқы өмір мектебі отбасынан басталады дейді мамандар. Сондықтан шағын мемлекет ішіндегі әр жан адамгершілік пен мәдени құндылықтарын қалыптастырып, ұрпағының бойына сіңіреді. Шаңырағының шайқалмауы үшін білім мен сенім, тәрбие мен сыйластық маңызды.Количество показов: 18
Дата создания: 10.09.2025 08:45:53