Малға келер қауіп бар ма?
Мал, құс өнімін тұтынбайтын адам кемде-кем. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін күнделікті тұтынатын ас мәзірінде міндетті түрде ет пен сүт бар. Ал азық-түлік қауіпсіздігі заңмен қарастырылған. Осы орайда облыстық ветеринария басқармасына артылып отырған жүк ауыр. Бұл салаға мемлекеттен жыл сайын қыруар қаражат бөлінуде. Міндеттері де айқын. Малдың әртүрлі қауіпті кеселге шалдықпауын, олардан алынатын өнімдердің адам денсаулығына зиян келтірмеуін қамтамасыз ету, төрт түлікті таңбалау мен қоса бұралқы ит-мысықтан келетін қауіптің алдын алу. Бүгін аталмыш ведомоство алғашқы жарты жылда атқарған жұмысының есебін берді.Облыс аумағында 122 сібір жарасы көмінділері бар. Бүгінгі күнге барлық сібір жарасы көмінділері адамдар мен жануарлар кіре алмайтындай етіп биіктігі 1,5 метр болатын қоршаумен қоршалған. Тұрғындарды ескерту мақсатында үлкен тақтайша да орнаттық, дейді ведомоство өкілі. Сонымен қатар күйдіргіден өлген 122 мал қорымын зерттеу мақсатында 800 топырақ сынамасы алынды. Абырой болғанда- "теріс" нәтиже берді деп бөліседі басқарма басшысы.
Бүгінде облыс бойынша 56 мал қорымы бар. Ағымдағы жылға мал қорымдарын және сібір жарасы көмінділерін ветеринариялық - санитариялық талаптарға сәйкес күтіп ұстауға 18миллионнан аса қаражат қала және аудандық ветеринариялық стансаларына бөлініп отыр.
Количество показов: 15
Дата создания: 31.07.2025 09:44:50