Мәжіліс отырысында жер қойнауын пайдалану, цифрландыру мәселесі қаралды
Өңір басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамыту мен цифрландыру мәселесі қаралды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібековтің айтуынша, бүгінде өңірде 248 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді. Басқарма өз құзыреті аясында лицензиялық және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын бақылап, процесті жеңілдету үшін цифрлық құралдарды енгізуде. 2025 жылдан бастап жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы minerals.e-qazyna.kz арқылы лицензия алуға өтінім беру, келісімшарттар жасасу және лицензиялық-шарттық талаптар бойынша есептілікті тапсыру жүзеге асырылады. Бұл жүйе міндеттемелердің орындалуын нақты уақыт режимінде бақылауға және саланың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.Геологиялық ақпаратты цифрландыруға баса назар аударылды. Аймақ басшысы әрбір кен орнының пайдалану тиімділігін бағалап, игерілмеген учаскелермен олардың игерілмеу себептерін анықтауды, сондай-ақ геологиялық ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрлық геологиялық карта әзірлеуді тапсырды.Сондай ақ өңір басшысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына бір ай мерзім ішінде геология және жер қойнауын пайдалану саласын дамытудың өңірлік кешенді жоспарын әзірлеуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану учаскелерінің бірыңғай цифрлық картасын жасап, өңірлік деректерді толықтай «Электрондық жерқойнауын пайдалану» жүйесіне енгізуді тапсырды.Minerals.e-Qazyna.kz бірыңғай платформасы жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін онлайн және нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.Количество показов: 17
Дата создания: 12.11.2025 07:38:45



















