Жұмысына көңілі толмағандар мен баласының оқу ақысын төлей алмай көмек сұрағандарды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады. "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшелері Бақытқожа Ізмұхамбетов пен Абай Тасболатов қоғамдық қабылдау өткізіп, шешілмей жүрген көп мәселені тыңдады. Аслан Ермағамбетов күзет агенттігімен келісе алмай жүр. Қаладағы екінші деңгейлі банктің ғиматарында қарауыл болған ол жұмыстан шығып қалған. Кейін күзет мекемесі қайта қабылдап, басқа нысанды бақылауға жіберу туралы шешім қабылдайды. Жылы орнын суытқысы келмеген Аслан Жақсылықұлы бүгін қос депутаттан "орнымда қалуға көмектесіңіз" деген өтінішімін келді. Бірақ, сұраушының тілегі орындалмады.
Ал елім деп ата-баба жеріне оралған Сымбат Шамшетова баласының оқу ақысын төлей алмай жүр. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде құрылысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан ұлы жылына 347 мың төлеуі тиіс. Бірақ, 5 баланың анасы отбасында тұрақты табыс жоқ екенін айтып, өткен жылдан бері жоғары оқу орнына қарыз. Бақытқожа Ізмұхамбетов университет проректоры Мұхтар Мировқа студентті оқудан шығармау жөнінде тапсырма берді. Бүгін Мәжілістің қос депутаты 5 мәселені қарап, тиісті жауабын берді. Алдағы уақытта олар аудандарды аралап, халықпен кездеседі.
Количество показов: 2249
Дата создания: 05.01.2017 18:58:42
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>