Мұз бетіне шықпаңыз - қауіпті!
Өңірде ауа температурасы төмендеп, аяз басталды. Су қоймаларының бетіне мұз қата бастаған. Алайда, мұз бетіне шығуға әзір болмайды. Себебі қалыңдық шекті мөлшерге жетпеген. Құтқарушылар қала тұрғындарына ескерту жасады. Мұз бетіне балықшылар жиі шығады, дейді құтқарушылар. Биыл қыс басталғалы бері облыс су айдындарында төтенше жағдайлар тіркелмеген. Алайда былтыр желтоқсанның ортасына дейін қайғылы жағдай орын алған. Қауіпсіздік ережелерін бұзып, мұзға тым ерте шыққан балықшы суға құлап көз жұмған. Қазір қысқы мұз қату кезеңінде құтқарушылар мен полицейлер рейдтер өткізіп, балықшылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп жатыр, сондай-ақ су айдындарының қауіпті учаскелеріне ескерту белгілері орнатылған. Облыс тұрғындары мен қонақтарына мұздың беріктігі ресми түрде расталғанға дейін су айдындарына шықпау ұсынылады. Одан бөлек құтқарушылар мұздың жұқа және толық қатпаған жерлеріне шығуға, айдында топ болып жүруге, көлікпен мұзға шығуға, от жағуға тыйым салады.Количество показов: 10
Дата создания: 13.12.2025 09:08:32



















