Мәскеу ауданының тұрғындары қоқыстан көз аша алмай отыр
Мынау - Мясоедова мен Вокзал көшесінің қиылысындаы қоқыс контейнерлері. Байқасаңыз, қоқыс жәшіктері тазартылғанымен айналасына жайылған киім-кешек, ескі жиһаз, қураған ағаштар тау болып үйіліп қалған. Қоқыс контейнері қойылған жеке үйлердің иелерінің сөзінше, олар жазбаған, шағымданбаған жер қалмапты. Кім көрінген автокөлігімен де әкеліп қоқыстарын тастап кетеді. Бұл жәшіктерді тұрғын үй жанына қою дұрыс емес дейді тұрғындар. Тіпті, кешкұрым терезе ашып, таза ауа кіргізу мүмкін емес. Мүңкіген иіс бірден үйді алып кетеді. Тіпті, жиналған қоқыстан баспаналарына қандала, бүрге, басқа да зиянды жәндіктер кіріп кете ме деп алаңдайды. Тұрғындардың айтуынша, контейнер күнделікті тазартылса да көшенің ортасында тұрған қоқыс алаңына кез-келген адам ірі габаритті қалдықтарын тастап кетеді. Өздері аңдып шаршаған. Кейде түнде толтырып кетеді. Қоқыс жәшігінің басқа жерге көшірілгенін немесе бейнекамере қойылғанын қалайды. Ал, тұрғындардың тілегі орындала ма, жоқ па, тұрмыстық қалдықтар қашан алынады, болмаса тұрғындарға бұл мәселені қалай шешуге болатыны бегісіз. Жауаптыларға хабарласып, жауап ала алмадық.Количество показов: 62
Дата создания: 17.06.2025 10:27:32