Мәртөк ауданында жоғалған бала әлі табылмай жатыр
29 наурыз күні кешке Мәртөк ауданында 10 жастағы бала жоғалып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін. Бірнеше күннен бері іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар оның ішінде сүңгуірлер, кинологтар жұмылдырылған. Елек өзенінің жайылмасында катерлермен патрульдеу жүргізілуде. Төтенше жағдайлар министірлігінің мәліметінше, арнайы дайындықтан өткен үш сүңгуір тобы, өзен түбін бірнеше мәрте сүзіп шыққан. Олар 23 рет су астына сүңгіп, шамамен 550 метр аумаққа іздеу жұмыстарын жүргізген. Оқиға орнынан Саржансай ауылына дейінгі 45 шақырымға жуық учаске қаралған. Екі бағытта жүргізілген жаяу жұмыстар нәтижесінде 20 шақырымнан астам аумақ тексеріліпті. Жалпы саны 20-ға жуық адам, 30-дан астам техника бірнеше жүзу құралы мен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Сондай ақ әуеден бақылау жүргізу үшін "Қазавиақұтқару" тікұшағыда іске қосылды. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар әрбір минуттың маңызды екенін айтып, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып жатқандарын жеткізді.Количество показов: 12
Дата создания: 01.04.2026 06:38:43



















