М.Оспанов атындағы БҚМУ студенттік ғылыми жәрмеңке өтті
Жас дәрігер қандай болуы керек? Белгілі бір медицина бағытын таңдаған студент не үйренуі керек және 1-курс студенті қай бағытты таңдағаны дұрыс? Осы сұрақтарға оқу орынының алғашқы курс студенттері бүгінгі жәрмеңкеде жауап алды. Шара болашақ дәрігерлердің дұрыс таңдау жасауына түрткі болмақ. Жәрмеңкеде жоғарғы курс студенттері таңдау жасауға көмектеседі. Бағыт-бағдар беріп, кеңестерін айтиады. 103 немесе жедел-шұғыл медициналық көмек көрсететін дәрігерлер медицинаның әр бағытынан хабардар болуы шарт. Себебі адам өміріне алғаш болып араша түсетін жандар. Алғашқы көмекті көрсете отырып, ауруханаға жедел жеткізетін де 103 дәрігерлері. Бүгінгі жәрмеңке жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Жаңадан келген 1-курс студенттерінің болашақта бағыт таңдауына үлесін қосады,-дейді ұйымдастырушылар. Жәрмеңкеге 24 кафедра қатысып, өз мамандықтарының ерекшелігі мен артықшылығын көрсетті. Шара бір күндік.Количество показов: 21
Дата создания: 11.10.2025 11:16:26