"Мұнайшы" балалардың жазғы демалыс-сауықтыру лагері жұмысын бастады
"Мұнайшы" лагерінде "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ қызметкерлерінің, жұмысшыларының мектеп жасындағы балалары демалады. Жолдама ақысының 70 пайызын жұмыс беруші, 20 пайызын кәсіподақ өтейді. Ата-ана жолдама ақысының 10 пайызын ғана төлейді. Сондай-ақ, лагерьде өңірдегі мұнай кеніштеріне жақын орналасқан ауылдардың балалары да тынығады. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы балаларына да әр маусым сайын тегін орындар қарастырылған. Жұмысы кеше басталған лагерь тамыздың 20-сына дейін ашық. Осы аралықта 2100 оқушы демалыспен қамтылмақ. Олар 7 ауысыммен қабылданады. 10 күндік әр ауысымда 300 баладан тынығады.
Количество показов: 2300
Дата создания: 08.06.2018 18:40:09



















