МӘМС-тегі жаңа өзгеріс халыққа тиімді ме?
Жаңа өзгерістер "қант диабетімен" ауыратын науқастарға да қатысты. Енді олар мемлекет тарапынан емес, өздері жылдық ақшасын төлеп, ем-дом қабылдап, дәрілерін сатып алатын болады.“Қант диабеті” диагнозы қойылған бір пациенттің стационарлық емі, бақылауы және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда орташа есеппен 600 мыңнан асады. Ал медициналық сақтандырудың жылдық құны 51 мың теңге. Бұл мемлекет сақтандыратын 15 жеңілдік санатына кірмейтін пациенттер үшін. Ал 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер, студенттер, ресми жұмыссыздар, жүкті жұмыс істемейтін әйелдер төлемнен босатылады. Олар үшін қант диабетінен емделіп, дәрі-дәрмек үшін ақша жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді.Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап отандық денсаулық сақтау жүйесінде жаңа нормалар күшіне енеді. Бұл заң медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін, медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру, халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту,азаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің бірлескен қатысуы есебінен денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, аурулардың алдын алуды және ерте диагностика жасауды жетілдіру арқылы емдеу ауыртпалығы мен құнын азайту үшін жасалып отыр.
Количество показов: 21
Дата создания: 29.07.2025 09:06:55