МӘМС-те не өзгереді?
Қаңтардан бастап Қазақстанда халықтың ерте диагностика мен медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтетін өзгерістер күшіне енеді. Заңдағы маңызды шешімдердің бірі — скринингтік зерттеулерді, соның ішінде онкологиялық скринингтерді тегін қаралуға енгізу. Бұл 2026 жылдан бастап барлық азаматтардың жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды обыр, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирусты гепатиттер және басқа да бірқатар аурулар бойынша ерте диагностиканы тегін өтуіне мүмкіндік береді,- дейді мамандар. Медицина мамандары скринингтер тек ауруларды ғана емес, ауру алдындағы жағдайларды да анықтауға көмектесіп, ауыр асқынулардың алдын алатынын және өлім-жітімді төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар жаңа жылдан бастап, бірқатар созылмалы ауруларды емдеуді қаржыландыру көзі өзгереді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қант диабеті, балалар церебралды сал ауруы, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, ревматизм ауруларын емдеу ауыстырылады. Инсульттен кейінгі емделуден де жаңашылдық бар. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС-ке қатысу қағидалары өзгеріссіз қалады. 15 жеңілдікті санаттағы азаматтар үшін жарналарды бұрынғыдай мемлекет төлейді. Олардың қатарында балалар, ресми тіркелген жұмыссыздар, жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар, мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын тұлғалар, зейнеткерлер, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, көпбалалы аналар және атаулы әлеуметтік көмек алушылар бар.Количество показов: 7
Дата создания: 20.12.2025 05:46:49



















