Мүмкіндігі шектеулі жандар да өз таңдауларын жасады
Бүгін тұрғындар жаңа Ата Заң үшін дауыс беріп, өздерінің таңдауын жасап жатыр. Қалада №64 мектепте орналасқан №541 учаскесінде дауыс беруші адамдардың кезегі байқалады. Тұрғындар елімізде болып жатқан өзгерістердің халық үшін маңызды екенін айтып, әр таңдау болашағымыздың кепілі деп тілге тиек етті. Бүгінгі өтіп жатқан референдум бойынша өңірде дауыс беру учаскілері таңғы сағат 7-ден жұмысын бастады. Тұрғындар өз учаскілеріне келіп, референдумға белсенді қатысуда. Қоғам қайраткері Құралай Байменова да №64 мектептегі учаскеге келіп, өз дауысын берді. Оның сөзінше, тұрғындар міндетті түрде референдумға атсалысуы тиіс. Комиссия төрағасының айтуынша, дауыс беру учаскілерінде барлық қажетті жағдай жасалған. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де кезекшілік атқаруда. Ал мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Тұрғындардың айтуынша, референдумға қатысу - мемлекет дамуына өз үлесін қосу. Сондықтан олар халықты белсенді болып, дауыс беруге шақырады. Мүгедектігі бар жандарға арнайы орындар мен қызметтер қарастырылған. Соның ішінде есту қабілеті нашар азаматтар үшін құлаққаппен жабдықталған компьютері бар арнайы бір бұрыш жасалған.Количество показов: 5
Дата создания: 16.03.2026 06:46:22



















