Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені ашылды
Бүгін шаһарда жаңа спорт кешенінің тұсауы кесілді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кешен арнайы жабдықтармен толығып, спортшылар үшін қолайлы жағдай жасалған. Ауқымы 500 адамды қамтиды. 200 көрермен сыяды. Қазірдің өзінде 2000-ға жуық спортшы тұрақты түрде спортпен айналысып жүр. Ғимаратта әмбебап зал, бассейн, грек-рим күресіне арналған залдар бар. Мұнда еркін және грек-рим күресімен есту қабілеті бұзылған жандар айналысады. Солардың бірі - Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мұхтар Есенғосұлы. 1997 жылы Байғанин өңірінде туылған. 2010 жылдан бері еркін күреспен айналысады. Ол - Бразилия елінде өткен сурдолимпиада ойынының қатысушысы. Ол ерекше жандарға арнап арнайы спорт кешенінің ашылғанына алғысын білдіріп, болашақта жұмыстанып, алға ұмтылатынын жеткізді. "Сурдо спортышларға арналған күрес залының ашылуы - біз үшін үлкен қолдау. Бұл тек спорт кешені емес, жаңа жетістіктердің бастауы" - дейді ол. Облыстық мәслихат депутаты Шахан Жолдасбаев - параолимпиада құрамасының мүшесі. Паражүзумен айналысып жүргеніне 15 жылдай болған. Мүгедек жандарға арналған спорт кешенінің ашылуын ұзақ күткен. Спорт кешенінің ашылуына Туризм және спорт министрі, облыс және қала басшылары қатысты. Олар спортшылармен жолығып, кешен құрылысымен танысты. Әр спорт түрі бойынша жеке-жеке тоқталып қарады. "Қуат" спорт нысаны ғана емес, мүгедектігі бар адамдарға берілген мүмкіндік, спорт бағытында болашаққа үлкен бастама.Количество показов: 11
Дата создания: 22.01.2026 11:49:17



















