Мүмкіндігі шектеулі жан сотта жеңіп шықты
Бүгін облыстық сотта Ермек Тақсымбаевқа қатысты азаматтық іс қаралды. Ермек Тақсымбаев - 2015 жылы "Март құрылыс материалдар зауыты" серіктестігі жұмыс жасап жүргенде аяғынан өндірістік жарақат алады. Кейін компания оған 3 жылда бір рет аяғына протез қойып беретін болып келіседі. Бүгінге дейін 2 рет протез алуға қаржы бөлген. Ал, биыл мекеме жігітке жасанды аяқ жасатудан бас тартқан. Қазір ол 3-ші топ мүгедегі. Ермек Тақсымбаев - 3-ші топ мүгедегі. Осыдан 10 жыл бұрын жұмыста жүріп бір аяғынан өндірістік жарақат алған. Содан бері жұмысқа жарамсыз. Аяғындағы протезды 3 жыл сайын Алматы қаласына барып жаңартып тұруы керек. Ол “Март” құрылыс материалдар зауыты” серіктестігінде қызмет еткен. Бүгінге дейін компания екі рет протезінің ақшасын төлеп берген. Тек биыл ғана оған сақтандыру компаниясына хабарласып, өзің келісесің депті. Ал, сақтандыру компаниясы жарымжан жанға "алдымен Алматыға барып, протезды салдырып төлем қағаздарымен кел" деп нұсқау берген. Содан кейін ғана толық соманың жартысын ғана аударатындарын айтқан. Ал протезге 4 миллион теңгеге жуық қаражат керек. Оған барып-келу жолы мен жататын жердің ақшасын қосыңыз. Ал, жұмысқа жарамсыз жігіттің қолында мұндай қаражат жоқ. Ермек Тақсымбаев "протездің ақшасын кім төлесе де бәрібір. Тек уақытында осы мәселені шешсе болды" дейді. Бұл сұрақпен ол әкімдікке де, прокуротураға да барған. Сотқа да берген. Онлайн өткен сот шешімі Ермектің пайдасына болмапты. Кейін аппеляциялық шағым түсіріп, бүгін қайта сотқа келді. Ал сот Ермектің шағым қанағаттандырып, оң шешім шығарды. “Март” құрылыс материалдар зауыты” компаниясына толықтай протез сомасын төлеуді, жол шығынын да өтеуді міндеттеген.Количество показов: 12
Дата создания: 07.11.2025 07:58:42



















