"Мөңке би" көпіріне ешқандай зардап келмеген
Қарғалы өзенінің үстіне салынған "Мөңке би" көпірі орнында тұр. Кеше әлеуметтік желіде 116 мың жазылушысы бар қала атымен аталатын аккаунт бір ай бұрын ғана пайдалануға берілген көпір қирап қалғанын хабарлап, фото жариялаған. Бірер сағатта салынған постқа мыңнан аса пікір қалдырылған. Халықтың ашуын тудырған сурет қай уақытта түсірілгенін белгісіз. Мәселенің мән-жайын біздің арнаның түсіру тобы анықтады. Үлкен дау туғызған өткелге арнайы барды. Қала мен Қарғалы, Садовое, Сарбаз ауылдарын жалғап тұрған "Мөңке би" көпірі бұзылмаған, халықтың игілігіне жарап тұр. Кейін белгілі болғандай, оқиға орнына өткелдің салынуына мұрындық болған демеушілер, депутаттар да барып, көпірдің сол қалпы, орнында тұрғанына көз жеткізді.Количество показов: 736
Дата создания: 27.09.2021 17:48:51



















