Мүгедектерге кедергісіз қоғам құра алмай отырмыз
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмысты арттыру керек. Бұл-бүгінгі жиынға келген сарапшылардың пікірі. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы айтқанда ең бірінші мәселе- олар үшін кедергісіз орта қалыптастыру маңызды. Өңірде нысандардың 80%-дан астамы тағдыр тауқыметіне түсіп, арбаға таңылған жандар үшін қолжетімсіз. Көңіл көншітпейтін бұл статистиканы жойып, толық кедергісіз орта жасақтаудағы жұмысқа қоғам болып жұмылған жөн.Қабылдауға келген халықтың қарасы көп. Барлығының талап, сұрауы бір. Ол- өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік көмекке ерекше ден қою, әлжуаз топтағыларға барынша қолдау көрсету.
Мұндай диалогтың мақсаты — халықаралық және ұлттық деңгейде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, заңнамалық және институционалдық өзгерістерге ықпал ету. Әрбір қоғамдық ұйымдар мүгедектігі бар азаматтармен жұмыс жасайды. Олардың шешілмей жүрген мәселелері қандай деген сұрақтар талқыланады. Экология мәселесінде тұрғындарды қандай сұрақтар мазалайды.Шараға мемлекеттік органдармен белсенділерді қосқанда 35 адамдай қатысты. Тәртіп сақшылары, заң өкілдері, кәсіпкерлік ұйымдары және басқа да ұйымдар қатысты.
Количество показов: 22
Дата создания: 17.04.2025 09:29:44