Мүгедектігі бар тұлғалар шахматтан сайысты
Шахмат турнирі мен қайырымдылық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде Мүгедектер күніне орай өтеді. Спорттық шараны "Жомарт жан" орталығының Мүгедектер клубы ұйымдастырған. Ал мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету және зияткерлік спорт түрлерінің жеке тұлғаны дамытудағы, сенімділікті арттырудағы маңыздылығын көрсету. Телман Өтепберген - туғанынан 3-ші топ мүгедегі. Қазір жасы 65 те. Денсаулығындағы ақауға қарамай әкімшілікте жауапты қызметтерді атқарған. Есепші де, қаржыгер де болған. Екі ұл, екі қызды тәрбиелеп, жеткізіп бүгінде 13 шөбере сүйіп отырған бақытты ата. Шахмат сайысына есту қабілеті төмен, көру мүмкіндігі нашар және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар қатысуда. Олардың арасында сайыстарға бұрыннан қатысып жүрген кәсіпқой шахматшылар да, спорт түрін жаңадан меңгергендер де бар. Іс-шара барысында орталық өкілдері қатысушылардың әрқайсысына кәсіби шахмат жиынтығын сыйға тартты. Бұл - қоғамның назарын аударуға, қолдау мен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған игі қадам болды,- дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 19
Дата создания: 09.10.2025 11:16:05