"Мәңгілік алау" маңында дайындық жүріп жатыр
Мәңгілік алау оты майданда қаза тапқан жауынгерлерге деген мәңгілік құрметтің белгісі. Шаһардағы "Мәңгілік алау" ескерткіші маңында Отан қорғаушы күні және Жеңіс күніне орай дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Аумақ тазартылып, айналасы ретке келтірілген. Ескерткіш маңы абаттандырылып, гүл шоқтары қойылған. Алаңда қазірдің өзінде адамдардың қарасы көп. Қала тұрғындары келіп гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етуде. Бұл ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі. Ескерткішке ертеңнен бастап оқушылар, студенттер келіп, гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етеді. Мәңгілік алауға қоуылған әр гүл шоғы тарихқа деген тағзым. Мұнда келген әрбір жан жүрек түбіндегі алғысын осылай жеткізеді. Сөнбейтін жалын – Отан қорғаған жауынгерлердің мәңгілік есімі мен рухының белгісі.Количество показов: 6
Дата создания: 07.05.2026 07:28:27



















