Мұғалжар ауданында үй жарылып, 10 жастағы бала көз жұмды
Кеше түнгі 12-лерде Мұғалжар ауданының Мұғалжар ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, 11 жастағы бала мерт болды. 53 жастағы үй иесі мен 23 жастағы тағы бір адамды күйік шалып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты. Жарылыс арты өртке ұласқан. Оқиға болған ауылдағы өрт сөндіру бөлімі, полиция және жедел жәрдем бригадасынан барлығы 13 маман мен 4 техника тілсіз жаумен күреске жұмылдырылған. Жалын қамтыған аумақ 80 шаршы метрді құрады. Үй қирап қалған. Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін шұғыл комиссия құрылды.Количество показов: 690
Дата создания: 25.02.2021 18:02:40



















