Мұғалжар ауданындағы жаппай улануға қатысты дәрігерлер зерттеу аяқталғанын хабарлады
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласы, «Тұмар» мейрамханасында орын алған жаппай улану фактісі бойынша түсініктеме берді. Еске сала кетейік, бұған дейін Мұғалжар ауданындағы мейрамханаға барған азаматтар жаппай уланып, өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен болатын. Дәрігерлердің айтуынша, эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді. Қоғамдық тамақтану объектісінде эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, зертханалық зерттеулер үшін сынамалар алынды. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша мейрамхананың қызметкерлерінен стафилококк бактериясы тасымалдаушылығы анықталды, олар инфекцияның көзі болып табылады,- дейді дәрігерлер. Микробиологиялық зерттеулердің нәтижесінде ішек таяқшалары тобының бактериялары асүй жабдықтарының беттерінен алынған шайындылардан, тағам өнімдерінің сынамаларынан және ауыз су сынамасынан анықталды. «Тұмар» мейрамханасын тексеру барысында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылғаны анықталды. Оның ішінде тағам дайындау технологиясының бұзылуы, тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатының қауіпсіздігін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы, сондай-ақ мейрамхана қызметкерлерінің міндетті медициналық тексерулерден өтпеуі сияқты бұзушылықтар анықталған.Количество показов: 19
Дата создания: 22.07.2026 09:56:52



















