«Люсина» робот-симуляторы акушерлердің тәжірибе жетілдіруіне үлкен мүмкіндік
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде медициналық білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылуда. Университеттің симуляциялық орталығына заманауи құрал жабдықтар жеткізілді. Бұл жаңашылдық болашақ дәрігерлердің кәсіби дайындығын күшейтіп, тәжірибені шынайы жағдайға барынша ұқсатуға бағытталған. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің симуляциялық орталығы жаңа құрылғылармен толықты. «Люсина» робот-симуляторы - акушерлік және гинекология саласында қолданылатын оқытуға арналған жоғары технологиялық манекен. Ол – босану процесін шынайы түрде модельдейтін робот-әйел. Жаңа технология арқылы медициналық кадрларды даярлау, симуляциялық және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалануды арттыру көзделген. Бағдарлама профессор-оқытушы құрамына, медицина қызметкерлеріне және симуляциялық оқыту меңгеріп жатқан мамандарға арналған. Дәрігерлер мен акушерлер клиникалық жағдайлардағы шешімді пысықтау, командалық өзара әрекеттесуге және практикаға барынша жақын жағдайларда тез шешім қабылдау, симуляциялық құрылғы арқылы жүкті әйелдерді босандыру дағдыларын меңгереді. «Люсина» босану кезеңдерін нақты имитациялайды. Ұрықтың қозғалысын, жүрек соғысын көрсетеді. Дәрігердің әрекетіне реакция бере алады. Бұл жаңашылдықтың медицина мамандарының білім сапасын артырып, тәжірибе жинақтауына көмегі зор дейді ақ халаттылар.Количество показов: 6
Дата создания: 14.01.2026 00:33:30



















