Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы
Даңқ обилискісіндегі салтанатты шеру мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне облыстық әкімдік мәслихаттан бастап, өңірдегі барлық ірі мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Кешкілік бұл алаңда да концерттік бағдарлама ұсыныладыБүгін майдан даласында ерлік көрсеткен ардагерлердің туыстары да бұл күннің күнтізбедегі ерекше маңызды күн екенін айтады. Бұл патриоттық тәрбие, тарихи жадыны сақтау және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету дейді үлкендер. Облыс әкімі Асхат Шахаров та Ұлы жеңістің 80 жылдығы Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойымен қатар кең көлемде атап өтілетіні жеткізген болатын. Негізгі шаралар маусым айында батыр қыздың 100 жылдық мерейтойын атап өту кезінде өткізілетін болды.
Количество показов: 14
Дата создания: 12.05.2025 12:53:54