"Лукрум Стар" ЖШС-і 40 шақты жұмысшысына жалақы төлей алмай отыр
Қағаз сүрткіштер, әжетхана қағазын шығарумен айналысатын "Лукрум Стар" ЖШС-і 40 шақты жұмысшысына жалақы төлей алмай отыр. Есепшоттарының бұғатталуы салдарынан өндіріс те тоқтап қалудың аз-ақ алдында. Өйткені өндіріске керек-жарақтарын алатын да қаржылары қалмаған. Ал компанияның есепшоттарын "Элитхолдинг" серіктестігі арызы бойынша облыстық мамандандырылған экономикалық сот бұғаттап тастаған. "Элитхолдинг" жергілікті макулатура қабылдаумен айналысатын компания. 2021-ші жылдан бастап "Лукрум Стар" ЖШС-іне қағаз түріндегі шикізат жеткізіп берумен айналысқан. Алайда наурыз айында серіктес екі компания арасынан "қара мысық" өткенге ұқсайды. Келіспеушілік қаражатқа байланысты туындаған. "Элитхолдинг" ЖШС-і "Лукрум Стармен" келісімшартты біржақты үзіп, бұрынғы серіктесі үстінен мамандандырылған экономикалық сотқа арыз түсірген. Ал істі қарап жатқан судья шешім шыққанға дейін "Лукрум Стардың" есепшоттарын бұғаттап тастап отыр.
Алғашқы сот отырысы 6-шы маусымға белгіленген. Кәсіпкер сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтады. Екі ортада жұмысшылар зардап шегуде. Ұжым тарауы мүмкін. Өйткені ешкім жалақысыз жұмыс жасағысы келмейді. Аталған мәселе бойынша кәсіпкер облыс әкімдігіне және өңірлік кәсіпкерлер палатасына, сотқа хат жазған. Кәсіпкерлер палатасы облыстық сотқа хат жазып, мәселені жеткіземіз, деп уәде еткен. Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасының өкілі мұндай жағдайда кәсіпкерлер медиациялық келісімге келе алатынын атап өтті.
Количество показов: 948
Дата создания: 23.05.2022 19:43:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>