Ломоносов көшесі бойынан әйел адамның мүрдесі табылды
Бүгін Ломоносов көшесіндегі №3 үйдің маңынан әйел адамның мүрдесі табылды. Әбден үсік шалып, мұз боп қатып қалған денені көпқабатты үй жанындағы қоқыс жәшіктерінің артынан тұрғындардың бірі байқаған. Ол сол бойда полицияға хабар берген. Қазір оқиға орнында Елек полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмыс жасап жатыр. Мүрде табылған аумақ қоршауға алынды. Тінту-тексеру жүргізілді. Алдын-ала белгілі болғандай, қаза болған әйел адамның жасы шамамен 30-40 -тарда. Денесінен ешқандай жарақат іздері байқалмаған. Тәртіп сақшылары үстіндегі киіміне қарап, үй-күйсіз адам болуы мүмкін деп топшылайды. Мүрдеге сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Количество показов: 758
Дата создания: 18.03.2021 19:12:24



















