Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі
Облыста 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. 18 пайызы 50 жастан асқан азаматтар. Қазір кәсіби маман иелері жастармен тәжірибе бөлісуде. Бүгін ұрпақтар сабақтастығының жалғасы ретінде шаһарда "Үлкенге құрмет - ізеттілік белгісі" атты тәлімгерлік кеңесі өтті. Шара 23-маусым - Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған. Жастар халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Оларды өңірдегі мемлекеттік қызмет ардагері Сағат Еңсегенұлы құттықтап, кеңес берді. Қазір мемлекеттік қызметшінің ең төмен жалақысы - 180 мың теңгеден басталады. Айбек Шілмановтың сөзінше, ең жоғары жалақы - 500 мың теңгеден асады. Шара соңында бірқатар мемлекеттік қызметші облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Одан өзге, мемлекеттік істері агенттігінің ұйымдастыруымен өткен "Үздік сапалы қызмет көрсетуші" байқауының өңірлік жеңімпаздары да құрметке бөленді.Количество показов: 33
Дата создания: 20.06.2025 09:28:53