Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы тойланды
Отан үшін от кешіп, сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан батыр Қобда ауданы, Бұлақ ауылының тумасы. Елдің әр түкпірінен Бұлаққа жиналған Батыр қыздың туыстарына ерекше көңіл бөлінді. Олар да Әлияны еске алып, мақтанышпен оның есімін ұлықтап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті. Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды. Қонақтар ұлттық ойындарды тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр. Шаһарда патриоттық орталық салынады. Қазір құжаттар сараптамадан өтіп жатыр. Демеушілікпен салынатын жаңа нысанның құны 2 млрд теңге. Құрылыс жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталуы тиіс. Өңірде өткен той - Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған ауқымды шараның бір бөлігі ғана. Қонақтар аламан бәйгені тамашалап, кейі Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі өрнектелген театрландырылған көрініске куә болды. Бұлақта туып өскен қаршадай қазақ қызының ғұмыры сахналық қойылымда ерекше бейнеленген. Спектакль тарихты ғана емес, батыр қыздың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елдікті, рух пен күшті айырықша көрсетті.Количество показов: 28
Дата создания: 17.06.2025 10:31:03