Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Бүгін қалалық әкімдікте әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шаһар басшысы Азамат Бекет мамандарды ерең еңбегі үшін марапаттады. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні. Осыған орай, бүгін қалалық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Әлеуметтік сала қызметкерлері - қоғамның айнасы, адамгершілік пен жан жылулығын күн сайын ісімен дәлелдеп жүрген азаматтар. Ал бүгінгі шара сол адамдардың ерең еңбегінің нәтижесі. Шара барысында қоғамның осал топтарына көмек көрсетіп, әлеуметтік қолдау саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегі ерекше атап өтілді. Іс-шараға қала әкімі Азамат Бекетов қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Олардың қоғамдағы рөлін айрықша атап өтіп, мейірім мен жауапкершілікті қатар алып жүретін еңбегін жоғары бағалады. Мерекелік жиын барысында 27 маман түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болды. Және де 31-ші қазан облыста осы мерекеге орай үлкен шара болады, сол кезде де мамандарымыз құрметке бөленеді. Әлеуметтік сала қызметкерлері көп жағдайда назардан тыс қалатын, бірақ аса жауапты міндетті – адамдардың тағдыры мен тұрмысын жақсартуға бағытталған істерді атқарады. Сондықтан бұл мереке — олардың еңбегіне деген құрмет қана емес, қоғамның алғысын білдіретін ерекше күн. Осындай жанашыр әрі мейірімді жандардың арқасында мыңдаған адам өз өміріне сеніммен қарап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Ал олардың еңбегі мен қамқорлығы – әлеуметтік тұрақтылық пен адамгершілік құндылықтардың басты кепілі.Количество показов: 20
Дата создания: 30.10.2025 07:49:30



















