Әлеуметтік азық-түлік құны қанша?
Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар тауарларға ең төменгі баға деңгейі бекітілді. Жаңа талаптар 1 сәуірден бастап күшіне еніп, жаздың соңына дейін қолданыста болады. Бұл шара нарықтағы бағаның күрт өсуін тежеуге бағытталған. Ал қалада әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы тұрақты болғанымен, қарапайым сауда орындарында баға өзгеріп тұрады дейді тұрғындар. Күнбағыс майлары 726 теңгеден, күріш келісі 410 теңгеден, қырыққабат 121 , жуа 116, карттоп 165, ал сәбіз келісі 133 теңгеден сатылуда. Қала халқының айтуынша, қазіргі таңда тұрғындар үшін "Табыс" әлеуметтік дүкеніндегі тауарлар құны қолжетімді. Ал тұрғындардың бірі жалпы азық-түлік дүкендеріндегі күнделікті керек өнімдер табысқа салмақ түсіріп отырғанын жеткізді. Аталаған шара барысында ел аумағында ЕАЭО елдерінен әкелінетін және отандық кейбір азық-түлік түрлеріне шекті ең төменгі бағалар белгіленеді. Атап айтқанда, сүзбенің келісі 1822 теңгеден, балқытылған ірімшік 2985 теңгеден жоғары, ал жұмыртқа данасы кемінде 41 теңгеден сатылуы тиіс. Көкөністердің ішінде картоп - 90 теңге, қырыққабат - 72 теңге, сәбіз - 106 теңгеден төмен болмауы керек. Сондай-ақ алма мен ұн - 175 теңгеден, күнбағыс майы литріне 451 теңгеден, ал макарон өнімдері 248 теңгеден бастап белгіленген.Количество показов: 12
Дата создания: 02.04.2026 06:27:13



















