Ленинград қоршауын көрген жан
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өңірде ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткерген жандардың бірі - Ленинград қоршауын көрген ардагер Валерия Белова. Ол 1939 жылы Ленинградта дүниеге келген. Ардагер сұрапыл соғыс жылдарындағы балалық шағын еске алды. Соғыс басталғанда небәрі екі жаста болған. Отбасымен Ленинград маңындағы саяжайда тұрып, аштық пен бомбалауды бастан өткерген. Әкесі теміржол саласында инженер болып жұмыс істеп, қала қорғанысына ат салысқан. Ардагердің туыстарының көбі де блокада кезінде аштықтан қайтыс болған. Тіпті аурухананың өзінде қарапайым дәрінің өзі тапшы болған. Тұрғынның айтуынша, ол жылдары адамдарға тәулігіне бар болғаны 125 грамм нан берілген. Сол қиын кезеңнен кейін бүгінге дейін нан қиқымын жерге тастамайтынын айтады. Қоршау куәгері бүгінде сол ауыр жылдардың белгісі ретінде берілген медальдарын сақтап келеді. Олардың қатарында «Блокадалық Ленинград тұрғыны» медалі мен Жеңіс мерейтойларына арналған марапаттар бар. Ардагердің естелігі - соғыс қасіретін ұмытпауға және бейбіт өмірдің қадірін түсінуге үндейтін тағылымды тарих. Қарияны мереке қарсаңында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы құттықтады. Кездесу барысында Валерия Беловаға жылы лебіздер айтылып, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы ерлігі мен төзімділігі үшін алғыс білдірді. Әжейдің айтуынша, соғыс жылдарындағы оқиғалар - бүгінгі ұрпақ үшін үлкен сабақ. Қазіргі таңда елімізде сол бір ауыр кезеңді көрген санаулы ғана ардагер қалған. Олардың ерлігі мен өмір жолы - жас ұрпаққа үлгі.Количество показов: 11
Дата создания: 10.05.2026 05:40:08



















