Кошевой көшесінің тұрғындары үйіміз суға кетті деп шағымдануда
Шалшық су төңірегінде шағым көп. Кезекті шағыммен түсірілім тобы Кошевой көшесі 97ші үй мекен жайына барып қайттық. Көпқабатты тұрғын үйдің айналасына мол су жиналған. Оларды алаңдатып отырған мәселе - жаңбыр суларының бұрынғыдан әлдеқайда көп көлемде үй аумағына қарай ағуы. Тұрғындар мәселенің себебі ретінде жақында жүргізілген жұмыстар кезінде су ағатын арнаның өзгертілуін және жол астымен құбыр тартылғанын алға тартады. Тұрғындардың сөзінше, қатты жауын кезінде су аулаға жайылады. Жергілікті тұрғын бүгінде Бейбітшілік көшесі жағынан және оған жалғасатын көшелерден келген судың барлығы осы аумаққа бағытталатынын айтады.Оның сөзінше, арыққа су жиналып, әрі қарай ағып кетпейді. Мәселені шешу үшін қосымша құдық орнатып, су ағатын жүйені қайта қарастыру жоспары да ұсынылған. Алайда тұрғындар бұл шараның өзі де мәселені шешпейді деп отыр. Қазір тұрғындар жауапты органдардан мәселені жан-жақты қарап, су ағызу жүйесін толық ретке келтіруді сұрап отыр. Ал мамандар керісінше, суды тұрғын үйді ауласынан жолдың бойына қарай бағыттағанын айтады. Қалалық әкімдік мәліметінше, Кошевой көшесіндегі жол жұмыстары да әлі аяқталмаған. Ауа-райы бір қалыпқа келген соң қайта іске кірісуді жоспарлап отырғандарын жеткізді олар.
Количество показов: 8
Дата создания: 05.06.2026 06:52:44



















