Коммуналдық қызметтер тарифіне қатысты шектеу алынды
Бүгін бастап Қазақстанда коммуналдық тарифтерге қатысты мороторий күшін жойды. Бұл шектеу 2025 жылдың қазан айында енгізілген еді. Сол кезде бағаның күрт өсуін тежеу мақсатында мороторий дағдарысқа қарсы шара ретінде қолданылған болатын. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Ал Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, тарифтер бірден көтерілмейді. Билік осылай сендірсе де алда болатын өзгерістердің халыққа әсер ететінің анық. Ақтөбеліктер коммуналдық тарифтер құнынынң өсуіне қарсы. Тариф көтерілсе, күнделікті шығынымыз көбейеді деп алаңдаулы. Энергетика министрлігі де "1 сәуірден бастап электр энергиясының шекті тарифтері өзгеріссіз қалады, 2025 жылғы деңгейде сақталады", – деп хабарлады. Алдағы уақытта тарифтер коммуналдық кәсіпорындардың өтінімдері, инфрақұрылымның жағдайы және өңірлердегі ахуалға байланысты қайта қаралуы мүмкін. Экономистердің пікірінше, мораторийдің аяқталуы кейбір аймақтарда тарифтердің біртіндеп өсуіне алып келуі ықтимал, бірақ бұл халық үшін күрт ауыртпалық тудырмайды деп күтілуде. Ал, Мәжіліс депутат Бақытжан Базарбек "коммуналдық қызметтер тарифтерінің көтерілуіне мораторийді ұзарту қажет" деді. Дегенмен, коммуналдық қызметтер тарифіндегі бағалар өзгерісі қандай болатынын уақыт көрсетеді. Халықтың қалтасына салмақ түспесе болғаны.Количество показов: 19
Дата создания: 02.04.2026 06:24:49



















