Коммуналдық қызметкерге дамыл жоқ
Өңірде соңғы күндері қар қалың жауып, коммуналдық қызметтер жолдарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Көлік жүргізушілері үшін бұл жағдай кептеліс тудыруда. Қала тұрғындары орталық көшелердің тазаланып жатқанын айтады. Ал кейбірі аулаішілік жолдарда әлі тазалық басталмағанына шағымданды. Мекемелер күшейтілген режимде жұмыстанып жатыр. Қалада қардың тоқтамастан жауып, жолдарды басып тастауына байланысты коммуналдық қызметтер жолдарды тазалау жұмыстарын күшейтті. Қазіргі таңда негізгі көшелер мен қоғамдық көлік бағыттары аршылып жатыр. Көлік жүргізушілері қардың уақытылы тазартылуының арқасында бұл жағдайдың қиындық тудырып жатпағанын айтты. Қалалық қызметтердің жұмысы жолды қауіпсіз етуге бағытталды. Жолаушылар мен жүргізушілер үшін басты кеңес - қозғалысқа абай болу.Количество показов: 8
Дата создания: 31.12.2025 09:31:14



















