Колледж студенті 15 жастағы қызбен байланысқаны үшін 3 жылға сотталды
17 жастағы ақтөбелік Нұрасхан Тынымжанов 3 жылға бас бостандығынан айрылды. 15 жастағы жасөспірім қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылып, колледж студенті қыркүйек айында қамауға алынған болатын. 3 ай тергеу изоляторында болған бозбалаға бүгін сот үкімі шықты. Мезгілсіз махаббат хикаясы осылай өкінішпен аяқталды. Жігіт пен қыздың бір-біріне сезімі болған. Үйленуге де шешім қабылдаған. Алайда заң және ата-аналардың қарсылығы оған мүмкіндік бермеді. Бірнеше рет үйінен қашқан қызына ашуланған анасы жігіттің үстінен полицияға арыз түсірген. Қажетті тексерулер жүргізіліп, олардың интимдік қарым-қатынаста болғаны анықталды. Кейін екі тарап бір-біріне кешірім беріп, келіскенімен де полиция қылмыстық істі тоқтатудан бас тартты. Нұрасхан Тынымжановтың үстінен қозғалған бап бойынша тараптардың татуласуына заңмен тыйым салынған.Количество показов: 815
Дата создания: 24.11.2020 18:03:07



















