Хромтау ауданының тұрғындарына жаңа пәтер кілті табысталды
Хромтау ауданында жаңа пәтер иелеріне салтанатты түрде баспана кілті табысталды. Жаңа пәтер кілті тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға сатып алу және салу жобасы аясында беріліп отыр. Хромтау ауданының жергілікті тұрғындары үшін бүгін айтулы күн. Хромтау аудандық мәдениет орталығында 15 отбасыға баспана кілті табысталды. Салатанатты шараға аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратов қатысып, жаңа қоныс иелеріне жылы лебізін білдірді. Аудан әкімінің айтуынша тұрғындарды баспанамен қамту, ауданның әлеуметтік дамуындағы маңызды бағыттардың бірі.Мамандардың айтуынша ауданда тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Жоспарланған 150 баспананың бүгінде 95-і тұрғындарға табысталған. Жаңа пәтерлер Хромтау қаласының ғана емес, ауданға қарасты елді мекендердің тұрғындарынада берілуде. Баспаналы болғандардың қатарында әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларда бар. Хромтау ауданында тұрғын үймен қамту жұмыстары алдағы уақытттада жалғасын табады. Биыл жоспарланған 150 баспананың барлығы тұрғындардың игілігіне берілуі көзделіп отыр.Количество показов: 12
Дата создания: 11.08.2026 08:33:53



















