Хромтау ауданында орташа жалақы көлемі 600 мың теңгеге жетті
Хромтау ауданында өткен 9 айда 524 млрд. теңгеден астам өнім өндірілген. Оның ішінде өңдеу өнеркәсіп саласы бойынша өндірілген өнім көлемі 20 млрд. теңгеге жуық. Тұрғындар 100 пайызға жуық көгілдір отын мен және ауыз сумен қамтылған. Аудан халқы түгел электр энергиясын тұтынып отыр дейді, басшы. Нұрхан Тілеумұратовтың сөзінше, ауданда орташа жалақы көлемі 600 мың теңгеге жеткен. Жұмыссыздар саны да азайған. Жұмысқа қабілетті жандардың 6 пайызға жуығы ғана екі қолға бір күрек таппай жүр. Баламалы электр энергияны дамыту бойынша Хромтау ауданында 3 жоба жүзеге асырылып жатыр. Біреуі жуырда іске қосылған. Қуаттылығы - 150 МгВАТТ. Инвестиция көлемі 74 млрд. теңгені құрайды. Оған қоса, аудандағы тау-кен саласында да 4 ірі инвестициялық жоба қолға алынған. Биыл екі жоба іске қосылыпты. Хромтауда қаласында тіркелген шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған "Өркен" өңірлік бағдарламасы да жұмыс істеп жатыр. Кәсіпкерлер түпкілікті пайыз мөлшерлемесі 3 пайыздан жалпы 30 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Бүгінге дейін 116 жоба қолдау тауып, 2,4 млрд. теңгеге несие алған. Олардан 400 млн. теңге салық түскен. Ауданда су және жылу жүйелері жаңартылып жатыр. Хромтау қаласындағыжалпы ұзындығы 4,6 шақырым су құбыры жөнделген. Әлеуметтік және мәдени нысандар да жаңартылып, ел игілігіне берілген.Количество показов: 25
Дата создания: 22.10.2025 07:18:13