"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясындағы жоба аяқсыз қалды
Райхан Стамова - Ломоносов көшесіндегі №11 үйдің тұрғыны. 78 жастағы әжей барлық көршісінің аманатын арқалап жүр. Былтыр екі қабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру жұмысы басталған. "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында асфльт төселіп, жарықтандырылу керек еді. Бірақ, жұмыс жартылай жасалып, тоқтаған. Қарияның қолында қазір бір бума қағаз жүр. Жоба аяқсыз қалғаннан кейін Алматы ауданы әкімдігіне бірнеше рет хабарласып, тіпті, арызда жазған. Бүгінге дейін нақты жауап ала алмай әлек. Ал, Ломоносов көшесіндегі №11 үй 8 пәтерлі. Басым бөлігінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Ауланы абаттандыруды былтыр "Алау құрылыс 04" мердігер мекемесі қолға алған. Алматы ауданы әкімдігі арасында келісім жасалыпты. Шарт бойынша мердігер мекемеге ауланы 90 күнде абаттандыру міндеттелген. Бірақ бекітілген мерзімде тиісті жұмыстарды атқармаған. Кейін келісім бұзылған. Ломоносов көшесіндегі №11 үйдің ауласын абаттандыру бойынша қазір сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Шендінің сөзінше, құжат дайын болған соң бюджет есебінен қаражат сұралады. Қаржы бөлінген бойда ауланы абаттандыру жұмысы жалғасады. Бюджеттен сұралған ақша биыл бөлінсе, жұмыс та биыл жалғасады. АЛ, келесі жылға қалса, ауыспалы жобаға айналады, деп сендірді Жәдігер Балтабай. Жалпы Алматы ауданында "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында былтыр 18 жоба жасалды. 17 жобаның келісім шарты бұзылған. Биыл 26 жоба жүзеге асырылуда.Количество показов: 25
Дата создания: 21.08.2025 08:48:13