“Халық қатысатын бюджет” бағдарламасы аясында аулалар абаттандырылып жатыр
Қазір Ақтөбенің әр ауласынан көз тартар жаңа алаңдарды көруге болады. Аймақта «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында елді мекендер жаңа келбетке ие боп жатыр. Қаладан 20 шақырым жердегі Садовый тұрғын алабында балалар ойын және спорт алаңдары бой көтерді. Бұл жобалар жергілікті тұрғындардың бастамасымен ұсынылып, дауыс беру арқылы жеңіп шыққан. Алматы ауданының әкімінің айтуынша, биыл тек оның ауданы бойынша осындай 28 жоба жүзеге асырылуда. Ал келесі жылға жоспарланған жоба саны — 47. Аталған бағдарлама 2021 жылы басталып, тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты. Қазір Садовый, Қызылжар, ескі қала сынды аудандарда бірнеше алаңдар салынып жатыр. Маусымда басталған жұмыстар қыркүйекте аяқталуы керек. Бағдарлама аясында балалар ойын және спорт алаңдарын орнату, футбол, волейбол және баскетбол алаңдарын салу, көше жарығын орнату мен аулаларды көріктендіру көзделген. Биыл екі аудан тұрғындары 70-ке жуық жоба ұсынып, оларды жүзеге асыру жоспарға енгізілді.Количество показов: 18
Дата создания: 09.07.2025 06:28:47