Халық қаһарманының атын алып жүрген көшеге жол керек
Бұл - Мәскеу ауданындағы Тұрар Рысқұлбеков көшесі. Халық қаһарманының атын алып жүрген көше жаңбыр жауса суға батады. Көлік қозғалысына кедергі. Неше жылдан бері тұрғындар жол азабын тартуда. Жол бойында №33 орта мектеп орналасқан. Күз, қыста оқушыларға қиын дейді тұрғындар. Ал, темір тұлпар иелері жылдың төрт мезгілінде де зардап шегіп келеді.Былтыр қыркүйекте көше тұрғындары жиналып, қалалық әкімдік өкілдерімен кездескен. Ол кезде шенділер көшеге асфальт төселіп, жарықтандырылады, жаяулар жолы бойымен арықтар жасаймыз деп уәде берген. Тиісті құжаттардың дайындалып жатқанын айтқан еді. Содан бері бір жылға жуықтады. Уәде орындалған жоқ. Мәселені білу үшін қалалық әкімдікке де хабарластық. Бірақ, шенділерден жауап болмады.
Количество показов: 13
Дата создания: 02.08.2025 22:54:56