Кеспетас төсеу жұмыстары жалғасуда
Қаламыздың ескі бөлігіндегі бірнеше көшелерде түрлі-түсті тастар төселіп жатыр. Кеспетастардың көлемі де әртүрлі. Алматы ауданы бойынша жалпы аумағы 10 356 шаршы метр жаяулар жол төселмек. Бұл жұмыстар 3 учаскеге бөлініп, "Сапар" автовокзал ауданынан бастап, Ломоносов, Шернияз, Некрасов, Жанқожа батыр көшелерін және Кереев скверін қамтиды. Теміржол вокзалы маңы да назардан тыс қалған жоқ. Жуырда бұл жерлерді шаһар басшысы аралап көрді.Ал Жанқожа батыр мен Некрасов көшелерінің арасына тастарды "Фаворит" мердігер мекемесі төсеп жатыр. Жұмысты бастағандарына 3 күн болған. Әпсәтте жаңа реңкке енетін болады. Құрылысшылар бұл жұмыстармен қарқынды түрде айналысып жатыр. Жыр болған сапаға да жіті мән берілуде. Бригададағы 8 адам таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Тастың сапасы жақсы, дейді бригадир. Жол бойындағы құдықтар да биіктетіліп, айналасына тас төселмек. Шаһар басшысы Азамат Бекет мердігерлер өздеріне алған міндеттемелерін сапалы әрі мерзімінде аяқтауы үшін бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұл жұмыстар келесі жылы да жалғасын тауып, ескі қаланың басқа да көшелерін толық қамту қажет.
Количество показов: 18
Дата создания: 02.08.2025 22:57:10