Әкелер слеті өтті
Елек полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Дәулетжан Байсановтың төрт қыз, бір ұлы бар. Ол жұмыстан қанша шаршап келсем де, балаларыма көңіл бөлемін, тәрбиесін назарда ұстаймын. Уақыт жоқ деген сөз сылтау ғана, дейді.
Ал, №15 мектептің мұғалімі Мейрамбек Зайырымбетов өзінің алты баласынан бөлек, мектептегі барлық балаға әке. Ол білім ордасында құрылған әкелер клубының жетекшісі. Клубқа бес әке мүше. Олар айына немесе үш айда бір рет бас қосып, ер балалардың тәрбиесімен айналысады. Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лақова да бала тәрбиесінде әкенің рөлі зор екенін ер-азаматтарға дәлелдеумен келеді. Екі жылдың ішінде аналар үйі баласымен далада қалған 81 анаға көмек көрсеткен. Слет кезінде бала тәрбиесімен айналысатын 10 әке көпшілікке үлгі болды. Оларға алғыс хаттар мен сыйлық таратылды.
Количество показов: 3054
Дата создания: 18.11.2016 18:31:43