Картоп сапасы көңілден шығады ма?
Қаламыздың ірі супермаркеттерінің бірінде картоптың екі түрі сатылып жатыр. Біреуі сырттан әкелінген - бағасы 266 теңге келісіне. Және әлеуметтік бағамен 165 теңгеден сатылуда. Тұрғындардың айтуынша, әзірге картоптың бағасы көңілден шығарлық. Ерте келіп, өзің таңдап алсаң, сапасы да жақсы. Ал әлеуметтік картоптар тым ұсақ, әрқашан іріктеліп қалады,- дейді олар. Көктемге қарай картоп құны расымен көтеріледі. Бұл жыл сайынғы дәстүрлі көрініс. Тек картоптың емес, кеше сатылған азық-түліктің бағасы, бүгінде басқаша өзгеріп кетеді. Әйтсе де астың адалынан аямайтын халық құны қанша өссе де тамақ алады. Ал бағаларға келсек, қаламыздың ірі супермаркеттерінде картоптан басқа, жуаның келіс - 148 тг, сәбіз - 239 тг, қырыққабаттың бір келісі - 235 теңгеден сатылып жатыр.Количество показов: 6
Дата создания: 03.02.2026 05:43:11



















