Каникулда аймақта 7 лагерь жұмыс істейді
Жазғы демалыста аймақта 7 лагерь балаларды қабылдайды. Екеуі мемлекеттік, қалғандары жеке. Барлығы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау депарматентінің аумақтақтық басқармаларының бақылауында болады. Маусымдық 5 лагерь бар. Үшеуі облыс орталығындағы Шұғыла, Кәмпит және Нефтяник лагерьлері. Қалған екеуі Қобда мен Хромтауда. Ал, жыл бойы жұмыс жасайтын демалыс орындарының қатарында Әсем мен Күншуақ бар. Биыл СЭС қорытындысын алуға 4 лагерть өтініш түсірген. Әзірге тек Нефтяникке ғана нәтиже берілген. Лагерьлер жұмысы жоспарға сай 1-5 маусым аралығында басталуы тиіс. Жазғы демалыс ұйымдарына департамент мамандарымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Кеңестер беріліп, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Балалар саулығы басты назарда болуы тиіс. Осыған орай, лагерь басшыларына ұсыныс-талаптарын айтты. Одан өзге, балалар сауықтыру ұйымдары өндірістік бақылауға алынуы шарт. Медицина қызметкері де қызметте тұруы тиіс. Медициналық пункт пен изолятор бөлмесі тиісті құралдармен жабдықталған болуы қажет.Количество показов: 29
Дата создания: 31.05.2025 07:10:21