"Күйдіргі" ауруына тән белгілері бар науқас анықталды
Бүгін Ақтөбе станциясының санитариялық-карантиндік тұйығында оқу-жаттығу өткізілді. Шара инфекциялық ауруларды алдын алуға бағытталған. Қауіпті "күйдіргі" ауруына күдікті жағдай кезінде іс-қимыл алгоритмі пысықталып, қатысушылар төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Шара бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Оқу жаттығудың шартты жағдайын барысында жолаушылар пойызының бір вагонында күйдіргіге тән белгілері бар науқас анықталғаны туралы хабар түсті. Эпидемиологиялық деректерге сәйкес, науқас мал сою кезінде жарақат алып, кейін ауру белгілері байқалған. Хабар түскеннен кейін вагон дереу санитариялық-карантиндік тұйыққа оқшауланып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құзырлы органдар вагон айналасына қоршау орнатып, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Оқиға орнына консультативтік, эпидемиологиялық, эвакуациялық және дезинфекциялық топтар жұмылдырылып, қажетті іс-шаралар атқарылды. Шартты науқас алғашқы тексеруден кейін оқшауланып, арнайы көлікпен облыстық клиникалық инфекциялық аурулар ауруханасына жеткізілді, медициналық бақылауға алынды. Оқу-жаттығу барысында барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы, жедел әрекет ету деңгейі және төтенше жағдайларға дайындық қабілеті бағаланды.Количество показов: 12
Дата создания: 10.04.2026 06:11:12



















