Көтерме базарда жемістердің бағасы өскен
Өңірдегі көтерме базарда жемістердің бағасы өскен. Тауар Пәкістан, Өзбекстан, Ресей, Польша елдерінен тасымалданады. Саудагерлер қазіргі таңда логистикалық қиындықтар туындап, жағдай жеміс-жидектердің құнына да әсер еткенін айтады. Шаһардағы көтерме базарға жеміс-жидектер жемістер әр елден тасымалданады. Алмалар Польша елінен келсе, мандарин, апельсиндер Пәкістаннен жеткізіледі. Тауар қораппен сатылады. Соның ішінде 8,5 келі мандарин мен апельсиннің 1 қорабының бағасы - 5500 теңге. Өзбекстаннан құрма, Ресейден банан жеткізіледі. Құрманың құны 700 тг, ал 1 қорап банан 17 мың теңгені құрайды. Отандық өнімдерден Оңтүстіктен өңірден алма жекізіледі. Нарықтағы құны - 480-500 теңге. Көтерме сауда орнында жемістердің бағасы биыл салыстырмалы түрде көтерілген. Жүк көліктерінен рұқсат қағазы талап етіліп, логистикалық қиындықтар болып жатыр. Сол да өз әсерін тигізді дейді саудагер. Көтерме нарық үшін жеткізу процесі де маңызды. Тауарлар базарға арнайы көліктермен әкелінеді. Ал, тасымалдау құны кейде бағаға да әсерін тигізетіні анық.Количество показов: 12
Дата создания: 23.01.2026 09:15:11



















