Көтерме базарда көкөніс саудасы бәсеңдеген
Көкөніс бағасы көңіліңізден шығады ма? Жаздың ортасы көкөніс пен жемістің мол пісетін уақыты. Өнім мол болғанымен, тұрғындар бағаның әлі де түспей отырғанын айтады. Бүгін түсірілім тобы, әдеттегідей көтерме базар саудасын бақылап қайтты. Көтерме базардың саудасы таң атысымен басталады. Алыс-жақын елді мекендерден келіп алатындар бар, қала тұрғындары да таңғы салқынмен балғын жеміс пен көкөністің ең тәттісін таңдап алғысы келеді. Бүгін түсірілім тобымен бірге қаламыздағы көтерме базардың ахуалымен таныстық. Адам қарасы қалың, сөреде өнімдердің түрін кездестіруге болады. Алайда сатушылардың айтуынша, бұл жылы көкөніске сұраныс төмендеген. Ал маусымдық қарбызға сұраныс артқан. Қарбыздің бір келісі көтерме бағамен 160 теңге, біреуін 170 теңге келісіне ала аласыз. Қазір қаламыздағы ірі супермаркет пен дүкендерде балғын картоптың бағасы келісіне 300 тг. Ал көтерме базарда картоптың бір келісі 200 теңге. Сәбіздің келісі 200 теңге, пияз 180 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылардың сөзінше, өнім тапшылығы жоқ. Тұрғындар болса, 1-2 келі үшін ат терлетіп көтерме базарларға бармаймыз, тек көп мөлшерде алатын ғана кезде бауымыз мүмкін. Көбіне үйдің қасындағы дүкен немесе супермаркеттерден аламыз. Әрине, баға жағынан сәл қымбатқа шығады. Ал базардан алған өнім балғын, әрі дәмі де бөлек болады. Әрі өзіңе ұнағанын таңдап аласың. Әйтсе де, сатып алушылар соңғы уақытта көкөністің де, жемістің де бағасы айтарлықтай қымбаттап кеткенін айтып, алаңдайтындарын жасырмайды.Количество показов: 10
Дата создания: 29.07.2026 00:30:16



















