Көшет отырғызу көптің ісі
Дәрігерлердің жұмысы қауырт. Күн сайын адам жанына араша болып, ауырғанның жанына шипа сыйлайды. Әйтсе де, ақ халаттылар патриоттыққа үндейтін акциядан тыс қалмауға тырысуда. Бүгін орталық аумағына 50 көшет отырғызылды. Дәрігерлер босану бөлімінің алдын да ұмыт қалдырған жоқ. Өйткені мұнда перзентін шығарып алуға келетіндер кішігірім той да жасап жатады. Жанға сая болсын деген ниет,-дейді дәрігерлер. Сенбі күні тал егу шарасы жалғаспақ. Барлығы 200 көшет отырғызу жоспарланған. Тіршілік иесіне күтім қажет. Аурухана әкімшілігі тамшылатып суару әдісін қолданбақ.Количество показов: 351
Дата создания: 26.04.2024 02:53:04