Кәсіпкерлер депутаттармен кездесті
Бүгін облыстық мәслихаттың бюджет, өңірлік және салалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы ерекше форматта өтті. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасында өткен қоғамдық тыңдауға алғаш рет кәсіпкерлер қатысты. Халық қалаулыларына мәселелерін айтып, сауалдарына жауап алды. Депутаттар «Өңірде шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» талқылады. Биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті қолдауға 2,3 млрд теңге бөлінген. Республикалық қордан - 10,2 млрд. теңге қарастырылған. Өңіріміз елде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жағынан үздіктер қатарында. Кәсіпкерлерді қолдау үшін жетіспейтін инфрақұрылым тарту маңызды. 2021- 2024 жылдары мақұлданған 107 жобаның 64%-ы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Былтыр инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 1 млн. теңгеден астам сомаға 25 жоба мақұлданған. Биыл өңірлік үйлестіру кеңесі 240 млн.теңгеге 6 жобаны мақұлдады. Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу бойынша "Ақтөбе Бизнес" өңірлік бағдарламасын іске қосу жоспарланған. Аталған бағдарлама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру «Ақтөбе Бизнес» өңірлік бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры немесе «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады.Количество показов: 24
Дата создания: 20.08.2025 07:25:51