Кәсіпкерлер 312-атқыштар дивизиясы даңғылындағы жүк көліктерінің жүруіне тиым салатын жол белгісін алып тастауды сұрайды
Жүк көліктерінің қозғалысына тиым салатын жол белгісі 312-атқыштар дивизиясы даңғылына қыркүйек айында қойылған. Содан бері жол бойында бизнесі бар 20-дан астам кәсіпкер клиентсіз, сәйкесінше, табыссыз қалды. Олар кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады. Палатаның бастамасымен комиссия құрылып, даңғылдағы қозғалыс зерттелген. Нәтижесінде, жол белгісінде көлік қозғалысы уақытша шектелетін қосымша белгі пайда болды. Бірақ, бұл жеңілдік кәсіпкерлерді қанағаттандырмай отыр.Ішкі істер департаментінің аға инспекторы Еркін Өтегеновтің айтуынша, даңғыл бойындағы бұл белгі жол торабының жеңіл көліктерді өткізу мүмкіндігін арттыру және асфальтқа түсетін салмақты азайту үшін орнатылған. Кейін кәсіпкерлердің өтініштері ескеріліп, сағат кешкі сегізден таңғы жетіге дейін жүк көліктерінің жүруіне рұқсат берілді. Ал, жол бойында қызмет ететін нысандарға қатынайтын жүк көліктеріне ешқандай тиым жоқ.
Өзге уақытта ауыр машиналар солтүстік айналма жол арқылы жүруі тиіс. Кәсіпкерлердің бұған да айтар уәжі бар. Айналма жолда жүк көліктері бұзылса, жөндейтін, жүргізушілер шаршаса, тынығатын жағдай жасалмаған. Бүгінгі жиын барысында тараптар ортақ шешімге келе алмады. Палатадағылар енді жол белгісін кім және не себепті қойғандығын анықтауды сұрап, прокуратураға материал жолдамақ. Жалпы, палата сарапшысы Нұрлан Махамбетовтің айтуынша, қалада кәсіпкерлердің жолын байлап тұрған мұндай белгілер көп.
Количество показов: 1818
Дата создания: 18.11.2016 18:30:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>