Көршіңіздің мазасын алмаңыз!
Айналадағы у-шудың денсаулыққа да, көңіл-күйге де әсер зор. Даңғырлаған музыка, түнгі 12 де үйді басына көтеріп, жүгіретін бала, жанжалдасып жатқан отбасы немесе префоратормен дарылдатып, жарды тесетін көрші көп адамға ұнамауы мүмкін. Қамсыз, тыныш демалуға әркімнің құқығы бар. Осыған орай, елімізде түнде тыныштық сақталуы үшін шу деңгейін реттейтін арнайы заңнама бар. Ойын-сауық орындарына да жұмыс күндері таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері 10-ға дейін әлдебір іс-шара өткізіп, музыка қосуға тыйым салынған. Тұрғын үйлерде 22:00-ден кейін шулауға жол жоқ. Ал тұрғын үйлердің астында орналасқан кафелер тек демалыс күні ғана 23:00-ге дейін ғана қатты музыка қоса алады.Пәтердегі жөндеу жұмыстарын да таңғы 09:00 бен түнгі 10 ның аралығында жасап үлгеруіңіз керек. Егер уақытынан асып кетсеңіз, айыпұл арқалауыңыз әбден мүмкін. Балалы үй базар. Дегенмен түнгі уақытта балаңыз шулап, көршінің мазасын алса ата-анасы, яғни сіз жауап бересіз.Тыйым бар жерде-айыппұл бар. Кодексте жазылғандай, құқық бұзған субъектіге байланысты тыныштық сақтамаған жағдайда жеке тұлғалар-5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.Количество показов: 23
Дата создания: 21.06.2025 07:59:29