Көршілер дауы үлкен мәселеге айналды
Алтын Орда шағын ауданындағы екі тұрғын үй кешенінің арасындағы қоқыс жәшіктеріне қатысты дау тұрғындарды әбігерге салды. Мәселенің негізгі себебі - аумақтағы инфрақұрылымның толық реттелмеуі. «Тұмар» тұрғындары қоқыс контейнерлері санитарлық талапқа сай, арнайы белгіленген орында тұрғанын айтады. Ал "Aktobe Towers" тұрғындары жәшіктердің жаяу жүргіншілерге кедергі келтіретінін айтып, оларды басқа жерге ауыстыруды сұрайды. Ал көрші «Тұмар» тұрғын үй кешенінің тұрғындары қоқыс контейнерлері белгіленген орында тұрғанын алға тартады. Олардың айтуынша, жәшіктер өз аумағында орналасқан және басқа қоятын жер қарастырылмаған. Алайда көрші тұрғындардың сөзінше, контейнерлердің орны өзгермейді. Себебі олар бекітілген аумақта орналасқан. Тұрғындар «Ақтөбе Тауерс» кешенінде қоршау, тұрақ және шығу жолдары толық қарастырылмағандықтан мәселе туындап отыр дейді. "Aktobe Towers" тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан да сұрап көрдік. Олар жәшіктердің орналасуы жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп отырғанын айтады. Әсіресе мектепке қатынайтын балалар үшін бұл аумақ қауіпті әрі қолайсыз. Халықтың сөзінше, көліктер емін-еркін өткенмен, жаяу жүргіншілер қоқыс жәшіктері тұрған тар аумақпен жүруге мәжбүр. Тұрғындар бұл мәселе бойынша әкімдікке де, тұрғын үй-коммуналдық шауруашылығына да жүгінген. Алайда әзірге нақты шешім қабылданбаған. Бір тарап қоқыс жәшіктерін басқа орынға ауыстыруды сұраса, екінші тарап қазіргі орын заңды екенін айтып отыр. Ал тұрғындар үшін басты мәселе - қауіпсіздік пен қолайлы орта. Қазір тұрғындар әкімдік тарапынан нақты шешім күтіп отыр. Ал екі жақ та өз уәжін алға тартып, мәселенің тиімді шешілгенін қалайды.Количество показов: 13
Дата создания: 20.05.2026 06:23:03



















